21 желтоқсаған арналған ауа райы болжамы

21 Желтоқсан 2019, 08:11
2227
Бөлісу:
21 желтоқсаған арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбіде атлантикалық циклон әлі күнге дейін республиканың көп бөлігінде өз ықпалын сақтайды, осыған байланысты құбылмалы ауа райы сақталып, қалың қар түседі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қатты жел соғады.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, желдің жылдамдығы 23-28 м/с, таулы жерлерде 30 м/с күшейеді.

Ақмола облысының кей жерінде, бұрқасын, тұман күтіледі, жел 23 м/с жетеді.

Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Атырау облысының кей жерінде бұрқасын күтіледі, жел түнде 17-22 м/с, күндіз кей жерінде 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ болжанады.

Ақтөбе облысының кей жерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Өзгелердің жаңалығы