21 жастағы боксшы "Құрмет" орденімен марапатталды

13 Желтоқсан 2019, 04:16
4649
Бөлісу:
21 жастағы боксшы "Құрмет" орденімен марапатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы президентінің Жарлығымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін ел азаматтарының үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды, деп хабарлады Olympic.kz.

Олардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қайраткерлері бар. 

"Құрмет" орденімен марапатталған жандар қатарында бокстан әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов те бар. 21 жастағы боксшы Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен әлем біріншілігінде 81 келіде топ жарып, алтын жүлде жеңіп алған болатын.  

Бұл марапатты алғаныма қуаныштымын. Мұндай марапаттар алдағы уақытта үлкен жігер берері сөзсіз, - дейді Бекзад. 
Спортшыға орденді президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі табыстады. 


 

Өзгелердің жаңалығы