21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

21 Қыркүйек 2019, 08:13
1582
Бөлісу:
21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның батыс және солтүстік бөліктерінен циклон жырасының және сонымен байланысқан атмосфераның фронтальді бөліктерінің өтуіне байланысты елдің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.

Еліміздің солтүстік-батысының кейбір жерінде мол көлемде жаңбыр жауады. Республиканың қалған бөліктерінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерінде жел күшейіп, тұман түседі.

Маңғыстау, күндіз Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман түседі.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының бірқатар аумағында түнде 1-3 градус үсік жүруі ықтимал.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Карағанды, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерінде, Шығыс Қазақстан облысының жекелеген ауданында өрт қаупі сақталады.




Өзгелердің жаңалығы