21 тамыздан бастап Алматыда жол жүру ақысы қымбаттайды

12 Тамыз 2023, 01:33
564
Бөлісу:
21 тамыздан бастап Алматыда жол жүру ақысы қымбаттайды
Фото: baq.kz

Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 10 тамыздағы «Қалалық қатынастарда жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға арналған тарифті саралау туралы» қаулысы қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қаулыға сәйкес, қалалық қатынастарда автомобильмен тұрақты тасымалдау тарифі төлем тәсіліне байланысты мынандай мөлшерде болады:

  • ұялы байланыс операторының қызметтері немесе көлік картасы не болмаса жол жүруге арналған мобильді қосымша арқылы қолма-қол ақшасыз төлем жасаған кезде – 100 теңге;
  • қолма-қол төлеу кезінде – 200 теңге.

Қаулы 2023 жылғы 10 тамызда жарияланды, 2023 жылғы 21 тамызда қолданысқа енгізіледі.

Өзгелердің жаңалығы