Синоптиктер Қазақстан бойынша сәрсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Қазгидромет" РМК берген мәлімет бойынша, республиканың барлық аумағында дерлік күн күркіреп, жаңбыр жауады, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыс пен орталықта бұршақ жаууы мүмкін, жел тұруы мүмкін.
Республиканың басым бөлігінде жел күшейеді, оңтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады, – делінген хабарламада.