206 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

9 Желтоқсан 2022, 14:21
1133
Бөлісу:
206 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Атырауда 206 мың гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қайтарылған жер телімдері ауыл шаруашылығы мақсатында алынғанымен, пайдаланылмай келген. Атырау облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Әлібек Ермекқалидің мәліметінше, биылғы он бір айда мемлекет меншігіне 185 жер телімі қайтарылған. 

Былтыр ауыл шаруашылығы мақсатында игерілмей жатқан 201 мың гектар жер анықталды. Оның ішінде 17 мың гектары шара қолданудың нәтижесінде қайта игеріле бастады. Ал, 87 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған еді. Биылғы он бір айда 206 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы 185 жер учаскесі мемлекетке қайтарылып отыр, - деді Ә.Ермекқали. 

Оның айтуынша, мемлекетке қайтарылған жер телімдерінің 190 гектары жайылымдық, ал 140 гектары шабындық алқап болса, 15 гектары басқа мақсат үшін алынған. Жер телімінің 120 гектарын иелері өз еркімен қайтарып берген. Қазір жергілікті атқарушы органдардың мамандары 97 мың гектар жердің игерілмеу себебін анықтау мәселесін қарап жатыр.

Сондай-ақ, Ә.Ермекқали облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алу кезегінде 136 мыңнан астам азамат кезекте тұрғанын, ал биыл 1003 азаматқа жер учаскесі табысталғанын жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы