Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осының бәрі азаматтардың баламалы қуат көздеріне көшуі үшін жасалып отыр, деп хабарлайды 24.kz.
Бұған қоса, бірнеше жыл бойы мемлекет экокөліктерді сатып алғандарға түрлі жеңілдіктер жасап, арнайы қаржы бөлмек. Немістерді ынталандырудың басқа да шаралары мен олардың элекрокарларға көшуге дайындығы туралы баяндайық. Қазір Германияда бар болғаны 22 мың электромобиль зарядтау станция бар. Халқының саны 85 миллион ел үшін, әрине, өте аз. Алайда, Ангела Меркель болашақта осындай жағдай өзгереді деп уәде берді. 2030 жылға дейін Германия федеративтік республикасында миллион электр темір тұлпарларын қуаттау станциялары ашылады. Осындай автомобиль сатып алуға ынталандыру қаржысы 4 мың еуродан 6 мың еуроға көтеріледі. Мақсаты – тұрғындар арасында электр көліктерге қызығушылықты арттыру. Қазірдің өзінде электрокар жүргізушілері көлік салығын және оның тұрағына төлемейді.Берлинде велосипед теуіп жүремін. Әзірше мені басқаны сатып алу қызықтырмайды. Шынын айтқанда, электромобильдегі батареялар экологиялық таза деп ойламаймын. Бірақ қымбат болғандықтан, сатып алғым келмейді,- деді Берлин қаласының тұрғыны Юрген.Немістер электрокарларға көшуге дайын болғанмен, бағаларына көңілдері толмайды. Алайда, бұл мәселе шешілу тиіс. Германияда тұңғыш рет электр тарту күші бар машина шығару зауыты ашылды. Ол құны 30 мың еуро автокөліктерді шығарады. Осындай біршама бюджетті бағадағы көлікке әлемнің әр түпкірінен 35 мыңнан астам адам алдын ала тапсырыс берген.
Қазір біз Германияда автомобиль өнеркәсібі құлдырауы жақындап бара жатқаны туралы жиі естиміз. Бірақ бұның іске асуы бізге байланысты. Қолымызда бар мүмкіндіктер мен өзгерістерді қолдануға тура келеді. Енді электрокар қарапайым автомобильді қашан ауыстырады деген сұрақ алдымызда тұрған жоқ. Бір ғана мәселе бар: Бұл қаншалықты жылдам және қай елде болады. Болашақ - электр тарту күші бар машиналарда, - деді автоконцерннің атқарушы директоры Херберт Дисс.
Қазір Германияда 220 мың электркарлар бар. Олардың саны тиімді жағдайлар мен көмекқаржы арқылы өсуге тисі. Оған қоса, болашақ клиенттерге таңдау мүмкіндігі ұсынылған. Неміс автоконцерндері жаңа модельдер шығаруға дайын.