2030 жылға қарай ішкі нарық отандық мұнай-газ-химия өнімдерімен толық қамтылады

26 Сәуір 2022, 13:37
1975
Бөлісу:
2030 жылға қарай ішкі нарық отандық мұнай-газ-химия өнімдерімен толық қамтылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2030 жылға дейін ішкі нарықтағы мұнай-газ-химия өнімдерінің қажеттілігі толық жабылады.

Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты.

Оның атап өтуінше, мұнай-газ-химия өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру мен тұтынудың болжамды теңгеріміне сәйкес, майлау материалдарын қоспағанда, 2030 жылға дейін ішкі нарықтың қажеттіліктерін толық жабу жоспарлануда.

Полипропиленге деген ішкі қажеттілік осы жылдың ішінде жабылады. Ал метанолға 2023 жылдан бастап, полиэтилентерефталатқа 2024 жылдан бастап, бутадиенге 2026 жылдан бастап және полиэтиленге 2027 жылдан бастап қажеттілікті жабу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Жоғарыда аталған жобаларды іске асыру импортты алмастыруға ғана емес, елдің экспорттық әлеуетін дамытуға да ықпал ететін болады, - деді Болат Ақшолақов.

Өзгелердің жаңалығы