Қазақстанның соңғы жаңалықтары

2026 жылы жұмысшы мамандарды қолдау қалай жалғасады?

Жансая ҚАМБАР
Бүгiн, 11:49
132
Бөлісу:
 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева алдағы уақытта жұмысшы мамандарды қолдау қалай жалғасатынын баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еңбек беделін арттыру, кәсіптік білім беру мен тәлімгерлікті дамыту бастамалары әрдайым күн тәртібінде. Кадрлық әлеуетті тұрақты дамыту және еңбек етуге лайықты жағдай жасау негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту қарқынды түрде жалғасады, – деді министр.

Ол жасанды интеллект енгізіліп жатқан жоғарғы технологиялық өндірістерге мамандар даярлау басты назарда болатынын жеткізді. Сондай-ақ колледждерге қабылдауды одан ары ұлғайту, кәсіпорындардың өтінімдері бойынша кадрларды мақсатты даярлау тұрақты жүргізілетінін атады.

Жастардың жұмысшы мамандықтарына қызығушылығын арттыру үшін мектептен бастап ауқымды кәсіптік бағдарлау жұмысы жалғасады. Дуалды оқыту деңгейін дамыту және арттыру бизнеспен әріптестікті нығайту маңызды бағыттардың бірі, ол да жалғасатын болады, – деді Балаева.

Премьер-министрінің орынбасары кадрлар даярлаудың халықаралық стандартын енгізу, студенттер мен педагогтердің академиялық мобильдігін арттыру, қазақстандық колледждер базасында халықаралық кәсіптік білім беру ұйымдарының жаңа филиалдарын ашу да жалғаса беретінін айтты.

Өзгелердің жаңалығы