2026 жылы Ораза қашан басталатыны белгілі болды

Кестеге сәйкес, Рамазан айы ақпан айында басталады.

 Артём Чурсинов  - архив 6 Қараша 2025 2025, 14:18
6 Қараша 2025 2025, 14:18
4280
Фото: - архив

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылғы діни күндер кестесін бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

ҚМДБ баспасөз қызметі 2026 жылғы діни күндер күнтізбесін жариялады.

Хижри айлардың басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалды. Пәтуа мамандары діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді, - делінген хабарламада.

Кестеде Ораза 19 ақпанда басталатыны жазылған.

Наверх