2026 жылғы магистратура гранты иегерлерінің тізімі белгілі болды

Магистратура гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

24 Тамыз 2026, 15:24
АВТОР
 gov.kz 24 Тамыз 2026, 15:24
24 Тамыз 2026, 15:24
305
Фото: gov.kz

Магистратура бойынша 2026-2027 оқу жылына арналған білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды.

Білім беру гранттары кешенді тестілеу (КТ) нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.

Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 30 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 23 мыңға жуық адам қатысты.

Болашақ магистранттарды ЖЖОКБҰ-ға қабылдау 2026 жылғы 28 тамызға дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімін мына жерден көре аласыздар.

Наверх