2026 жылы еңбекке жарамсыздық және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер көбейеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Үкімет 2025 жылғы 17 желтоқсанда «2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы» қаулыны бекітті.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған еңбекке жарамсыздық және асыраушысынан айырылу жағдайларына арналған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдердің мөлшері алынып отырған төлемдер көлемінен 10 пайызға арттырылады, - деп жазылған құжатта.
Өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.
Өсім келесі жағдайларға арналған
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының әлеуметтік төлемдеріне қатысты:
- еңбекке жарамсыздық
- асыраушысынан айырылу
Маңызды:
- өсім 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған төлемдерге қолданылады
- қайта есептеу ағымдағы төлем мөлшерінен +10% құрайды
Бұл дегеніміз, төлем алушылар қосымша өтініш бермей-ақ 1 қаңтардан бастап төлемдерді көбейген мөлшерде ала бастайды.
Еске салайық, бұған дейін 2026 жылы зейнетақы қанша теңгеге өсетіні белгілі болды.