2026 жылға дейін Қазақстанның 14 қаласында 5G іске қосылады

7 Тамыз 2022, 07:35
1134
Бөлісу:
2026 жылға дейін Қазақстанның 14 қаласында 5G іске қосылады

Енді 2 жылдан соң Қазақстанның 8 қаласында 5G технологиясы іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кейін 2025 жылы тағы 6 қалаға орнатылып, 2026 жылы еліміздің 25 қаласында ұялы байланыстың «бесінші буыны» қолжетімді болады.

Бұл туралы Цифррлық даму министрінің орынбасары Асхат Оразбек мәлім етті.

Сонымен қатар вице-министр елдегі интернет сапасына қатысты журналистер сұрағына жауап берді.

Ел аумағының 99 пайызы қамтылған. Дегенмен бұл оның барлық өңірде сапалы екендігін білдірмейді, - деді вице-министр Асхат Оразбек.

Осыған байланысты былтыр 532 шағым түсіп, байланыс операторларына 135 млн теңге айыппұл салынған. Вице-министр географиялық бедері күрделі болғандықтан, интернет жеткізу қиынға соғатын өңірлерге тоқталды.

Өзгелердің жаңалығы