2026 жылдың тамызы әлемдегі ең ыстық ай ретінде тіркелді

Сонымен қатар теңіз беті температурасының рекордтық жоғары көрсеткіштері тіркелген.

 depositphotos.com 11 Қыркүйек 2026, 01:28
11 Қыркүйек 2026, 01:28
98
Фото: depositphotos.com

2026 жылдың тамызы метеорологиялық бақылаулар тарихындағы ең ыстық ай ретінде тіркелді. Еуропалық Copernicus климаттың өзгеруін бақылау қызметінің (C3S) мәліметінше, тамыздағы орташа жаһандық температура 16,96 градус Цельсийге жетіп, 2023 жылы тіркелген алдыңғы рекордтан асып түсті.

DW мәліметінше, 2025 жылдың қарашасынан бері алғаш рет жаһандық температура индустрияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда Париж климаттық келісімінде белгіленген 1,5 градус шегінен жоғарылаған.

Copernicus сарапшылары Батыс Еуропада 2026 жылдың жазы да бақылау тарихындағы ең жылы жаз болғанын атап өтті. Сонымен қатар теңіз беті температурасының рекордтық жоғары көрсеткіштері тіркелген.

Биылғы жаз бірнеше рет қайталанған қарқынды аптап ыстықпен ерекшеленді. Жоғары температура өзендердегі су деңгейінің төмендеуіне, өсімдіктердің қурауына ықпал етті. Аптап ыстық бірқатар өңірде орман өрттері мен басқа да төтенше табиғи құбылыстармен қатар жүрді.

Copernicus сарапшысы Саманта Бургесстің айтуынша, адамзат кемінде соңғы 100 мың жылда қазіргідей жоғары температураны бастан өткермеген болуы мүмкін. Ол климаттың өзгеруі күнделікті өмірге тікелей әсер етіп отырғанын, соның ішінде аптап кезінде жолдардың бүлініп, ауруханаларға түсетін жүктеменің артқанын атап өтті.

Copernicus климаттың жылынуының негізгі себептерінің бірі ретінде мұнай, көмір және газ секілді қазба отындарын жағудан бөлінетін парниктік газдарды атайды. Бұған дейін қызмет маусым мен шілдені де Батыс Еуропадағы бақылау тарихындағы ең ыстық айлар ретінде бағалаған.

Наверх