Қазақстанның соңғы жаңалықтары

2025 жылы азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 20% - ға өседі

6 Қаңтар 2025, 12:10
1289
Бөлісу:
 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдейді, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын орташа есеппен 20% - ға кезең-кезеңімен арттыру жалғастырылады.

Жалақыны көтеру бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшіге әсер етеді.

Осылайша, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есеге ұлғаяды.

Өзгелердің жаңалығы