2025 жылы әлеуметтік осал топтарға берілетін жәрдемақы өсті

Бүгiн, 09:31
212
Бөлісу:
 Арман Мухатов  - архив
Фото: Арман Мухатов - архив

2025 жыл Қазақстанның әлеуметтік саясатында маңызды кезеңдердің бірі болып отыр. Бұл жылы әлеуметтік осал топтарды қолдау бағытындағы шығыстар ұлғайып, төлемдердің мөлшері қайта қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Жылдың басынан бері республикалық бюджет пен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының ресурстары есебінен мүгедектігі бар азаматтарды және асыраушысынан айырылған отбасыларды қолдауға миллиардтаған теңге бағытталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.

599 млрд теңге жұмсалды

Осы жылы мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге бюджеттен 599 млрд теңге жұмсалды. Бұл көрсеткіш әлеуметтік жәрдемақы алушылар санының тұрақты екенін ғана емес, елдегі әлеуметтік жауапкершілік деңгейінің де күшейгенін аңғартады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры да өз үлесін қосты. Еңбекке қабілеттілігін жоғалту немесе асыраушысынан айырылу сияқты әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде азаматтарға 82,5 млрд теңге көлемінде төлем жасалды, – дейді ведомство.

Бұл қор төлемдері мемлекеттік жәрдемақылардың үстіне қосымша ретінде төленіп, табыстың бір бөлігін алмастыруға мүмкіндік береді

Жәрдемақы алушылар саны

2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша жәрдемақы алушылар саны – 543,1 мың адамды құрап отыр. Ал асыраушысынан айырылу жәрдемақысын алушылар – 187 мың адам болды. Әлеуметтік сақтандыру жүйесі арқылы 100,4 мың адам – еңбекке қабілеттілігінен айырылу төлемін, 67,9 мың отбасы – асыраушысынан айырылу төлемін алып келген.

Бұл дерек еліміздегі әлеуметтік қолдауға мұқтаж топтардың ауқымы қаншалықты кең екенін көрсетеді.

6,5% индексация: 2025 жылғы басты жаңалық

Жаңа жылдың бастауымен бірге ең төмен күнкөріс деңгейі өсті. Соған сәйкес мүгедектік пен асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік жәрдемақылардың да мөлшері 6,5%-ға жоғарылады.

Үкімет шешімімен дәл осы көлемде өсім Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры төлейтін төлемдерге де қолданылды, – деп жазады министрлік.

Әлеуметтік сақтандыру жүйесі төлемдері: еңбекке қабілеттілігін жоғалту төлемі – 71 985 теңге, асыраушысынан айырылу төлемі – 73 987 теңгені құрады.

Өзгелердің жаңалығы