2025 жылы 13 мың шақырым жол жөнделеді

Бөлісу:
2025 жылы 13 мың шақырым жол жөнделеді
Фото: BAQ.KZ архив

Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл 13 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр. Оның ішінде 9 мың 500 шақырымы қаржы көздерімен қамтамасыз етілген, 3 мың 600 шақырымына қажетті құжаттар дайын, қаржыландыру мәселесі пысықталып жатыр, - деді министр.

Қарабаев жаңа жобалар бойынша құрылыс маусымы басталғанға дейін мердігерлерді анықтау үшін конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатқанын қоса кетті.

2025 жылдың қорытындысына сәйкес республикалық жолдардың 94, жергілікті жолдардың 91 пайызы нормативтік жағдайға жеткізіледі.

Еске сала кетсек, 2024 жылы рекордтты көлемде 12 мың шақырым жол жөнделді, оның 7 мың шақырымында негізгі жұмыстар аяқталды.

Өзгелердің жаңалығы