2025 жылға қарай ішкі туристік ағын 5,3-тен 8 млн адамға артады – Ерғалиев

5 Қараша 2021, 16:00
972
Бөлісу:
2025 жылға қарай ішкі туристік ағын 5,3-тен 8 млн адамға артады – Ерғалиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты.

Елдің туристік әлеуетін көтеру мақсатында 1000-ға жуық инвестициялық жоба іске асырылып, жол бойындағы сервис желісін дамытуды қолға алдық, – деді ол Орталық коммуникациялар мәслихатында.

Министрдің сөзінше, 2025 жылға қарай ішкі туризм саласындағы инвестициялар көлемі 6,9 трлн теңгені құрайды.

2025 жылға қарай ЖІӨ-дегі туризм саласының көлемі кемінде 8%-ды құрап, ішкі туристік ағын 5,3-тен 8 млн адамға дейін ұлғаяды. Ал туризм саласындағы инвестициялар көлемі 6,9 трлн теңгені құрайды. Туристік саланы дамытуға заманауи технологияларды енгізу үшін туристік қызмет көрсету саласы мен сапасын басқару жүйесін жетілдірілу міндеттері тұр , – деді Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев.

Өзгелердің жаңалығы