Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Мәжілісте онлайн режимде өтіп жатқан Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының кеңейтілген отырысында айтты.
2025 жылға қарай қосымша 70 мың отбасылық ферма құруға мүмкіндік беретін 600 мың гектардан астам жаңа суармалы жер игеріледі. Сонымен қатар жалпы халқы 900 мыңнан асатын 246 ауыл газдандырылады. Нәтижесінде 2025 жылы газдандыру деңгейі 60%-ға жетеді, - деді Мамин.Одан бөлек, еліміздің барлық аймақтарындағы 3,5 мыңнан астам ауыл жаңа аймақтық стандарттарға сәйкес жаңғыртылады.
2025 жылға қарай халықтың 99%-ы жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізетін болады, - деп атап өтті Премьер-министр.Сондай-ақ 2025 жылға қарай отандық нарық өз өндірісі есебінен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен толық қамтамасыз етілетін болады.
Айта кетейік, Мәжілісте Nur Otan партиясы парламенттік фракциясының жетекшісі Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өтіп жатқан фракцияның кеңейтілген отырысында Асқар Мамин ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін 7 ірі экожүйе құрылатынын айтты.
Сондай-ақ отырыста 2023 жылға қарай мұғалімдер жалақысы тағы 25%-ға өсетіні айтылды.