2025 жылға дейін 7 мектеп салынады – СҚО әкімі

21 Маусым 2023, 15:02
1015
Бөлісу:
2025 жылға дейін 7 мектеп салынады – СҚО әкімі
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Айдарбек Сапаров ОКҚ-да өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуына қарағанда, жаңа оқу жылына 540 млн теңге сомасына мамандандырылған күзет енгізіледі және турникеттер орнатылады.

2025 жылға дейін 7 мектеп салу жоспарланып отыр. Оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 2 700 орындық 4 мектеп. Бұл үш ауысымды мектептерді және облыс орталығындағы оқушы орындарының тапшылығын жоюға мүмкіндік береді. Биыл 1 020 орындық үш мектеп тапсырылады, - деп айтты СҚО әкімі.

Сонымен қатар соңғы 7 жылда алғаш рет Петропавлда жергілікті бюджет есебінен 420 орындық 2 балабақша салу жоспарланып отыр. Бұл балалардың 95%-ын мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы