2025 жылға дейін 2 млн аса жұмыс орнын ашу көзделіп отыр

26 Ақпан 2022, 15:30
1211
Бөлісу:
2025 жылға дейін 2 млн аса жұмыс орнын ашу көзделіп отыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде 2025 жылға дейін 2 миллионнан аса жұмыс орны ашылады.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі айтты.

Серік Шәпкеновтің сөзінше, оның 600 мыңы – тұрақты жұмыс.

Алдымен, жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген 500 мың адам жұмысқа орналастырылады. Сосын кәсіпкерлік бастамаларға демеу жасалады. Биылдан бастап бизнесті дамытуға берілетін грант көлемі 200-ден 400 айлық есептік көрсеткішке дейін артып, 1,2 млн теңгеге жетпек. Сонымен қатар кәсіпкерлікті дамыту бойынша ұлттық жоба аясында қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылып, алдағы 3 жылда 125 мыңға жуық азамат еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды игеріп шықпақ. Үш жақты әлеуметтік келісім шарттар оқуды аяқтағаннан кейін, тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігін арттырады, – деді министр.

Өзгелердің жаңалығы