Қазақстанның соңғы жаңалықтары

2025 жылдың соңына дейін Жерге жұлдызаралық объект жақындауы мүмкін

3 Тамыз 2025, 03:40
856
Бөлісу:
 Global Look Press/Patrick Pleul
Фото: Global Look Press/Patrick Pleul

Гарвард университетінің астрофизигі Ави Лоеб 3I/ATLAS деп аталатын жұлдызаралық объектінің 2025 жылдың соңына қарай Жерге едәуір жақындайтынын ескертті. Зерттеушінің айтуынша, нысан 21 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Жер орбитасына жетуі мүмкін, деп хабарлайды BAQ.KZ Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Лоебтің болжауынша, бұл тек ғарыштағы тағы бір тас қана емес, ол тіпті бөтен өркениеттің зондын немесе қаруын алып жүрген ғарыш кемесі болуы ықтимал. Ғалым бұл нысанды 1 шілдеде алғаш рет анықталған сәттен бастап бақылап келеді.

Ол бізді құтқаруға да, жоюға да келуі мүмкін. Сондықтан біз екі жағдайға да дайын болуымыз керек. Әр жұлдызаралық нысанның табиғатын жіті тексерген жөн, - деді профессор Лоеб.

Осыған ұқсас алаңдаушылықты CNN де жеткізді. Олар 26 шілдеде Батыс Онтарио университетінің профессоры Пол Вигерттің пікірін жариялап, 2024 YR4 астероидының Аймен соқтығысу ықтималдығын сөз етті. Вигерттің айтуынша, бұл оқиға ғарышта орналасқан спутниктер мен құрылымдарға қауіп төндіруі мүмкін, бірақ Жер тұрғындары үшін аса қатерлі емес.

Өзгелердің жаңалығы