2024 жылы жалақы өседі

1 Қараша 2023, 16:25
8965
Бөлісу:
2024 жылы жалақы өседі
Фото: Арман Мухатов - архив

Премьер-министрдің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2024 жылы азаматтардың жалақысы көтеруге қанша теңге бөлініп отырғанын атады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Премьер-министрдің орынбасары-Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын Мәжілісте таныстырды.

Ерұлан Жамаубаев халықтың табысын арттыру бағдарламасы аясында азаматтарды жұмыспен қамту үшін 2024 жылға 3,5 трлн теңге көзделіп отырғанын атап өтті.

Оның ішінде 1,5 млн-нан астам жұмыскердің жалақысын көтеруге 2,5 трлн теңге қарастырылған. Өңірлік жұмыспен қамту карталарына 724 млрд теңге көзделген. «Ауыл аманаты» жобасы шеңберінде 100 млрд теңге бөлініп, 18 мыңға жуық жұмыс орнын ашу болжанып отыр, - деді Жамаубаев.

Сонымен қатар мемлекеттік қолдау көрсетуге шамамен 380 млрд теңге көзделген, бұл 11 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы