2024 жылдан бастап елімізде зейнетақы мен жәрдемақылар қанша теңгеге өсетіні белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Өздеріңізге мәлім, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 692 теңге болады. Сәйкесінше, әлеуметтік төлемдер көлемі де артады.
Қазақстанда қандай жәрдемақы бар?
Бүгінгі таңда бала туып, бала бағып отырған аналарға отбасының табысына қарамастан 5 түрлі жәрдемақы беріреді.
Олар мынылар:
1) жұмыс істейтін аналарға, егер олар Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының қатысушысы болса, жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлем төленеді;
2) бала тууға байланысты бір реттік мемлекеттік жәрдемақы беріледі:
- 1-3 баланың тууына бір реттік төлем 38 АЕК – 140 296 теңге;
- 4 және одан да көп балаға 63 АЕК – 232 596 теңге.
3) бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне ай сайын жәрдемақы беріледі:
- жұмыс істемейтін әйелдерге республикалық бюджеттен жәрдемақы беріледі. Атап айтқанда, бірінші балаға – 5,76 АЕК, ол 21 265,92 теңге, екінші балаға – 6,81 АЕК, ол 25 142,52 теңге, үшінші балаға – 7,85 АЕК, яғни 28 982,2 теңге, 4 және одан да көп балаға – 8,90 АЕК, яғни 32 858,8 теңге;
- жұмыс істейтін әйелдерге, егер олар Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы болса, бала күтіміне берілетін әлеуметтік төлем соңғы екі жылдағы орташа айлық табысының 40 пайызы көлемінде төленеді;
4) баласы бір жарым жасқа толғанға дейін анасы оның күтіміне байланысты кірісінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем алушылардың пайдасына қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналары бюджет қаражаты есебінен субсидияланады;
5) мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырғаны үшін жәрдемақы өседі.
Сонымен қатар кәмелетке толмаған төрт және одан да көп баласы бар аналарға жәрдемақы бала санына сәйкес сараланып төленеді.
- 4 баласы бар отбасылар үшін жәрдемақы мөлшері 16,03 АЕК – 58 182,76 теңге;
- 5 баласы бар отбасылар үшін 20,04 АЕК – 73 987,68 теңге;
- 6 баласы бар отбасылар үшін 24,05 АЕК – 88 792,6 теңге;
- 7 баласы бар отбасылар үшін 28,06 АЕК – 103 597,52 теңге;
- 8 және одан да көп балалардан – әр балаға 4 АЕК.
Алты және одан да көп баланы дүниеге әкелген аналар «Алтын алқа» және «Күміс алқа» белгісімен марапатталады. Оларға ай сайын сәйкесінше 7,4 АЕК, яғни 27 320,8 теңге және 6,4 АЕК, яғни 23 628,8 теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы төленеді.
Зейнетақы қанша теңге болады?
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес 2024 жылға арналған инфляция деңгейі 6-8 пайыз дәлізінде көзделгенін ескере отырып, «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында зейнетақы төлемдеріне қаражат бөлінді. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жасы мен еңбек өтілі олардың мөлшерін 9 пайызға ұлғайту ескеріле отырып қамтамасыз етіледі.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 7 пайызға өседі.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері белгіленген күнкөріс минимумының 60 пайызынан 65 пайызға, ең жоғары мөлшері - 100 пайыздан 105 пайызға дейін өседі.
2024 жылдан бастап:
- ең төменгі зейнетақы мөлшері 57 853 теңге;
- ең төменгі базалық зейнетақы төлемі 28 215 теңге болады.
Жасы бойынша зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері 2024 жылы 152 295 теңгеге жетеді.
Бұған қоса, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі қарастырылған, оның ең жоғары мөлшері 2024 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 105 пайызын, яғни 45 578 теңге болады. Зейнетақы төлемдерінің жалпы сомасы 197 873 теңге болады.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын өз қаражаты есебінен 2024 жыл мен 2028 жыл аралығында кезең-кезеңімен 1,5%-дан 5%-ға дейін жұмыскерлерінің пайдасына аудару жоспарлануда. Осылайша, зейнеткерлікке шыққан кезде бұл жұмыскерлер қосымша жинақтаушы зейнетақы төлемімен қамтамасыз етіледі.
Кім зейнетке ерте шыға алады?
- 5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер - 53 жаста;
- Семей ядролық сынақ полигонының төтенше және радиация қаупі ең жоғары аймақтарында 1949 жылғы 29 тамыздан 1963 жылғы 5 шілде аралығындағы кезеңде кемінде 5 жыл тұрған әйелдер – 45 жаста, ерлер – 50 жаста.
Еске сала кетсек, 2022 жылы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деп белгілеуге тапсырма берген еді. Көп ұзамай тиісті заң қабылданды.
Бұдан былай 2023 жылдан бастап 2028 жылға дейін әйелдер 61 жасында зейнетке шығады. Бес жылдан кейін зейнеткерлік жас жарты жылға көтеріліп, 2031 жылы 63 жасқа жетеді деп жоспарланып отыр. Сөйтіп ерлер мен әйелдердің зейнетке шығу жасы бірдей болады. Яғни ерлер елімізде 63 жасында зейнетке шығады.