2024 жылы шегіртке шоғыры көп таралуы мүмкін өңірлер аталды

20 Қыркүйек 2023, 10:28
1423
Бөлісу:
2024 жылы шегіртке шоғыры көп таралуы мүмкін өңірлер аталды
Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен жиында Үкіметтің ауыл шаруашылығы және қаржы блоктарының, әкімдіктер өкілдері келесі жылы шегірткенің таралуын болдырмауға арналған дайындық жұмыстарының жағдайын талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылы шегіртке шоғыры көп таралуы мүмкін өңірлер аталды

Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығының деректері бойынша 2023-2024 жылдар шегірткелердің таралу циклінің 11 жылдық шарықтау шегі болмақ. 

2024 жылы 2,5 млн гектар алқапқа шегіртке шоғыры таралуы мүмкін деген болжам бар. 

Бұл 2023 жылға қарағанда (1,6 млн га) 1,5 есе көп. Шегірткелер шоғыры Ақтөбе, Қостанай, Түркістан, Жамбыл облыстарында көп таралады деп күтілуде.

2024 жылы шегіртке шоғыры көп таралуы мүмкін өңірлер аталды

Шегірткенің таралуына қарсы күреске дайындықты көктемде кеш болмас үшін қазір бастау керек. Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік сатып алуды уақтылы өткізіп, шегірткеге қарсы іс-шараларды атқаруға тыңғылықты дайындықты қамтамасыз етуі қажет. Ал Қаржы министрлігі мен әкімдіктер шегірткеден қорғану шараларын ұйымдастыру үшін қосымша қаржы бөлуі керек, — деп қорытындылады сөзін Серік Жұманғарин.

Өзгелердің жаңалығы