2024 жылы МӘМС үшін қанша төлейміз?

19 Желтоқсан 2023, 21:52
8124
Бөлісу:
2024 жылы МӘМС үшін қанша төлейміз?
VIDEO
Фото: Арман Мухатов - архив

Жұмыс берушілер – қызметкер жалақысының 3 пайызын төлейді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл 25 500 теңгеден аспайды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалына сілтеме жасап хабарлайды.

Ал жалдамалы қызметкерлер жалақысының 2 пайызын төлейді. Бұл 17 000 теңгеден аспайды.

Салық салынатын ай сайынғы табыс 10 ЕТЖ (2024 жылы 850 000 теңге) аспауға тиіс. Дербес төлеушілер 1 ең төменгі жалақының 5%-ын төлейді, бұл – 4250 теңге. Ал жеке кәсіпкерлер 1,4 еселенген ең төменгі жалақының 5%-ын төлейді, яғни 5950 теңге. 2024 жылдың қаңтарынан бастап БЖТ болмайды, - делінген хабарламада.

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар мынадай тәсілдермен сақтандырыла алады:

- жеке кәсіпкер ретінде тіркелу және жарналарды жеке кәсіпкер ретінде төлеу;

- жарналарды дербес төлеуші ретінде төлеу.

2024 жылы Бірыңғай төлем мөлшерлемесі еңбекақы төлеу қорының 21,5% құрайды. Бірыңғай төлем – жалақыдан ұсталатын 5 төлемді біріктіреді. Олар:

- Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);

- Әлеуметтік төлемдер (ӘТ);

- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары (МӘМС);

- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) аударымдар;

- Жеке табыс салығы (ЖТС).

Бірыңғай төлемді жеке кәсіпкер мен шағын және орта бизнес өкілдері, жеңілдетілген декларация бойынша немесе арнайы салық режимдерінде жұмыс істейтіндер (ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін) төлейді. 15 жеңілдік санатына кіретіндер үшін жарналарды мемлекет төлейді. 2024 жылы бір адамға айына 5852,63 теңге төленеді, - деп жазылған МӘМС хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы