2024 жылы 300 мыңға жуық астаналықтың үйіне газ келеді

17 Мамыр 2023, 12:23
606
Бөлісу:
2024 жылы 300 мыңға жуық астаналықтың үйіне газ келеді
Фото: Астана қаласы әкімдігі

2024 жылы 300 мыңға жуық елорда тұрғыны газбен қамтылатын болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Астана қаласы Отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов қалалық Коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Көгілдір отынға 200 мыңға жуық тұрғыны бар 14 мың абонент қол жеткізді. Газға 8205 жеке, 1 газоблокты бұйымдар шығаратын зауыт, сондай-ақ 8 КТК қосылды. Газ желілеріне қосылу құнын төмендету мақсатында әкімдікпен мынадай шаралар көзделген. Құны 100-ден 160 мың теңгеге дейін болатын халыққа есепке алу аспаптарын тегін беру жоспарланып отыр. Халық банкімен бірлесіп 18 айға дейін бөліп төлеумен 750 мың сомада халыққа пайызсыз кредит беру бағдарламасы іске қосылды. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жасы бойынша зейнеткерлер, мүгедектер, мүгедек балалар, көп балалы аналар мен көп балалы отбасылар үйлерді газға қосу бойынша 130 АЕК немесе 413 400 теңге мөлшерінде өтемақы төленеді, - деп атап өтті бөлім басшысы.

Сонымен қатар ол жылу электр орталықтары да газға ауыстырылғанына тоқталды.

ЖЭО-1-де және ЖЭО-2-де 16 қазандық газға ауыстырылды. 17 әлеуметтік объект қосылған. Қалған 3 әлеуметтік объект бойынша іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда қала бойынша 8743-тен астам техникалық шарт беріліп, 20 мыңнан астам адамға кеңес берілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Биыл аудандық «Тұран», «Тельман» қазандықтарына және «Ильинка», «Тельман», «Пригородный», «Family Village», «Өндіріс» тұрғынүй алаптарына газ жеткізу желілерінің құрылысы жүргізілуде. 80 км жоғары қысымды газбен жабдықтау желілері салынды. Осылайша, 2024 жылы 300 мыңға жуық халық газға қолжетімділікпен қамтамасыз етіледі. Жалпы тұрғын алаптарын газдандыру және энергия көздерін газға көшіру шығарындыларды жылына 40 мың тоннаға азайтуды қамтамасыз етеді. Оның үстіне, газ баллондарын пайдалануға байланысты төтенше жағдайларды азайтады, - деді Мақсат Есмағұлов.

Өзгелердің жаңалығы