2023 жылы ҰБТ өзгеріссіз қала ма?

13 Ақпан 2023, 12:24
1387
Бөлісу:
2023 жылы ҰБТ өзгеріссіз қала ма?
Фото: uchitelskaya.kz

Биыл ҰБТ форматында өзгеріс болмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев айтты.

Биыл, яғни 2023 жылы талапкерлер ҰБТ-ны 5 рет тапсыра алады. Ол қаңтар, наурыз және тамыз айларында ақылы негізде оқу үшін, ал негізгі грант ҰБТ-сы мамыр-маусым айларында өтеді. Биыл да негізгі ҰБТ-ны талапкерлерге екі рет тапсыру мүмкіндігі беріліп отыр. Талапкер ең үздік нәтижесімен грант конкурсына қатыса алады, - деп айтты Емелбаев.

Сөзінше, биылғы ҰБТ форматында өзгеріс жоқ.

5 пән, яғни 3 міндетті және 2 бейінді пән талапкердің мамандық таңдауына қатысты болады. Қазақстан тарихы мен Оқу сауаттылығындағы тест тапсырмаларының санында өзгерістер бар. Қазақстан тарихы 2023 жылға дейін 15 сұрақ және 15 балл болса, биылдан бастап 20 сұрақ және 20 балл болып отыр. Ал Оқу сауаттылығы керісінше, осыған дейін сұрақ 20 және 20 балл болса, биылдан бастап 15 сұраққа және 15 балға азайтылып отыр. 

Мұның ең басты себебі талапкерлерден 4 мәтіннің өте көлемді екені көп айтылатын және төртінші мәніннен 500-ге жуық сөз қамтылатын. 

Осының бәрін ескере отырып Ұлттық тестілеу орталығы Оқу сауаттылығын 3 мәтінге қысқартты.

Әр мәтіннің сөздерін 350-ден асырмай, 5 сұраққа азайтып, белгілі бір стандартқа келтіріп отырмыз. Математикалық сауаттылықта 15 сұрақ болады және екі бейінді пәнде 35 сұрақтан. ҰБТ-дағы сұрақтардың жалпы саны – 120. Максималды балл – 140. Уақыт – 4 сағат, - деді ол.

Руслан Емелбаев ерекше білім беру қажеттілігі бар талапкерлерге қосымша 40 минут уақыт берілетінін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы