ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің еңбек көші-қоны басқармасының басшысы Әлжан Мәди ОКҚ-да өткен брифингте елімізге былтыр неше ресейлік келгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2023 жылы Ресейден 31 мың азамат елімізге келді. Олар Қазақстанға жұмыс істеуге уақытша келген, - деді Әлжан Мәди брифингте.
Оның сөзінше, Ресей азаматтары жұмыстарын бітірген соң өз елдеріне қайтады.
Бұған дейін елімізде неше адам пана іздеп жүргені және неше босқын бар екені хабарланған болатын.
Сондай-ақ Астана ең көп мигрант тұратын қала екені белгілі болды.