2023 жылы МӘМС үшін кімдер қанша төлейді?

11 Қаңтар 2023, 11:40
1960
Бөлісу:
2023 жылы МӘМС үшін кімдер қанша төлейді?
Фото: inbusiness.kz

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы (ЕТЖ) мен айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) артуына байланысты міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  үшін төленетін жарналар мен аударымдар мөлшері өзгерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 

Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Астана қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі мәлімдеді.

2023 жылы МӘМС үшін кімдер қанша төлейді? 

  • жұмыс берушілер қызметкерлері үшін - жалақының 3%-ы мөлшерінде, бірақ

10 етж-дан (ең төменгі жалақыдан) немесе 21 мың теңге артық емес. 

  • қызметкерлер, оның шінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмыс істейтіндер - табысының 2%-ы, бірақ

10 етж-дан немесе 14 мың теңгеден артық емес.

  • жеке кәсіпкерлер (жк)

етж-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы немесе 4 900 теңге.

  • өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар немесе бжт төлеушілер

республикалық және облыстық маңызы бар қалалардың тұрғындары үшін бжт көлемі 1 аек құрайды, яғни 3 450 теңге;

қалған елді мекендердің тұрғындары үшін бжт көлемі 0,5 аек құрайды, яғни 1 725 теңге.

  • дербес төлеушілер

1 етж-ның 5%-ы немесе 3 500 теңге.

15 жеңілдік санатына кіретін азаматтар үшін мемлекет төлейді 

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың жеңілдігі бар санатындағы 1 адамға жарна мөлшері Мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,8% -ы*

* Бұл мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ағымдағы қаржы жылының 2 жылының алдындағы орташа айлық жалақы.

МӘМС үшін төлемді қайдан жасауға болады?

Жарнаны:

- екінші деңгейлі банктер және олардың интернет-сервистері арқылы;

- Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы;

- «Казпочта» АҚ бөлімшелері арқылы;

- төлем қабылдау терминалдары (Qiwi, Kassa24 және т.б.) арқылы;

- медицина ұйымдарындағы төлем қабылдау терминалдары арқылы төлеуге болады.

Өзгелердің жаңалығы