2023 жылы ІТ-компанияларда 25 мың жаңа жұмыс орны ашылады

12 Желтоқсан 2022, 12:26
1839
Бөлісу:
2023 жылы ІТ-компанияларда 25 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов бүгін елордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биыл 128 млрд теңге сомасына 576 ауылдық елдімекеннің инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру жалғасуда. Келесі жылы 663 ауылдық елді мекенде 140 млрд. теңге сомасына 1,6 мың жобаны іске асыру жоспарланған. Ауыл аумақтарын дамытудың 5 жылға арналған тұжырымдамасы әзірленіп жатыр, - деді Әлихан Смайылов Мемлекет басшысының алдында жасаған баяндамасында.

Сонымен қатар ол елдегі цифрландыру саласына тоқталды. 

Азаматтарға сапалы қызметтерді көрсету үшін облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда кең жолақты Интернетке қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Келесі жылы IT-компанияларда 25 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Мемлекеттің, бизнестің және халықтың тиімді өзара іс-қимылы үшін проактивті мемлекеттік сервистерге көшу жүзеге асырылады. 1 қаңтардан бастап Отбасының цифрлық картасы пилоттық режимде іске қосылады, - деді Үкімет басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы