Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоба әзірледі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.
Министрдің мәлімдеуінше, кешенді жоспар 9 бағыттан тұрады және 102 іс-шараны қамтиды.
2023-2027 жылдарға арналған инвестициялардың жалпы көлемі - 1,9 трлн теңге, оның ішінде республикалық бюджет есебінен 515 млрд теңге, жергілікті бюджет – 110 млрд теңге, жеке инвестициялар – 1,3 трлн теңге, сондай-ақ білім инфраструктурасын қолдау қоры арқылы – 22 млрд теңге қарастырылған, - деді ведомства басшысы.
Кешенді жоспар жобасы өнеркәсіпті дамыту бойынша бірқатар іс-шараны қамтиды.
Соның ішінде тау-кен байыту комбинатының құрылысы және «Айдарлы» мыс-кен орнын игеру жұмыстары бар. Сондай-ақ 6 өндірістік нысанның құрылысы және пайдалы қазбаларды анықтау үшін ауқымды барлау, геологиялық іздестірулер жүргізу және басқа да маңызды жобалар бар. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында суару жүйелері жабдықтарын сатып алу және инфрақұрылымды салу, ет және ет өнімдерін қайта өңдеу комбинатын, 2 сүт-тауарлы фермасын және 2 бордақылау алаңын салу жоспарланды. Бұдан басқа, кәсіпкерлік және туризмді дамыту үшін 2 сауда ойын-сауық орталығын, 5 жұлдызды қонақ үй кешенін және Алакөл көлінің жағалауында демалыс базасын салу жоспарланып отыр, - деп мәлімдеді Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында.