2022 жылы Қазақстанда пәтер бағасы қалай өзгереді

22 Желтоқсан 2021, 16:28
4511
Бөлісу:
2022 жылы Қазақстанда пәтер бағасы қалай өзгереді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова елдегі пәтер бағасының тұрақтануына қатысты жыл басында айтқан болжамының неліктен орындалмағанын түсіндірді.

Сондай-ақ ол 2022 жылы пәтер бағасы қалай болатынын айтты.

Менің ойымша, жаһандық трендтерге байланысты жылжымайтын мүлік бағасының өсуі қазір әлемнің барлық елінде бар. 2021 жылдың бірінші жарты жылдығының соңында Halyk Research зерттеу жүргізді. Зерттеу Батыс Еуропада да, Солтүстік Америкада да жылжымайтын мүлік бағасының екі таңбалы санмен өскенін көрсетті. Жылжымайтын мүлік бағасының өсуіндегі зейнетақы жинақтарының рөлін бағалайтын болсақ, онда факторлардың шамамен 1/4 бөлігі әсер етті, өйткені 2021 жылы жасалған транзакциялар саны бұрынғымен салыстырғанда әлдеқайда көп болды. Менің ойымша, өсу қарқыны төмендейді, - деп айтты ол.

Ләззат Ибрагимова атап өткендей, зейнетақы жинақтарын негізгі пайдалану 2022 жылдың 1 сәуірінде аяқталады, сол себепті қазір келіп түсетін барлық өтініш толық өтеу үшін емес, депозиттерді толықтыру және ипотеканы өтеу үшін түсіп жатыр.

Қазақстанда соңғы жылдары туу көрсеткішінің айтарлықтай өсті. Атап айтқанда, 400 мыңнан астам бала мен 60 мыңнан астам жаңа неке тіркелді. Нарыққа 2000 жылдардың басында туылған балалар келді, бұл факторлар сұранысқа қатты қысым жасайды. Нарықтағы ұсыныс қазір өте үлкен, біз шамамен 15 млн шаршы метрді салдық. Менің ойымша, өсу қарқыны төмендейді. Бәрі инфляциялық процестерге, атап айтқанда, әлемдік экономиканың өзін қалай ұстайтынына, пандемия қалай дамитынына және қаңтар айының басында КВИ жаңа штамы қалай әрекет ететініне байланысты болады, - деп толықтырды «Отбасы банк» басшысы ОКҚ-да.

Айтуынша, кейбір елдер қазірдің өзінде бизнеске әсер ететін локдаун жариялап жатыр. 

Сондықтан мен мынаны ғана айта аламын: келесі жыл айтарлықтай жоғары инфляция және жоғары базалық мөлшерлемелер жылы болады. Менің пайымдауымша, келесі жылы пандемия жағдайында жылжымайтын мүлік бағасының күрт төмендеуін күту мүмкін емес деп ойлаймын, - деп түсіндірді Ләззат Ибрагимова брифингте.

Өзгелердің жаңалығы