2022 жылы Маңғыстау облысында мал шаруашылығы саласын субсидиялау көлемі 5 есе артады

27 Қаңтар 2022, 21:35
2889
Бөлісу:
2022 жылы Маңғыстау облысында мал шаруашылығы саласын субсидиялау көлемі 5 есе артады
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін, 27 қаңтарда Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен ауыл шаруашылығының өзекті мәселелеріне арналған жиын өтті. Мәжіліске ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров бастаған жұмыс тобы және өңірдегі шаруа қожалықтарының иелері қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Төрт сағатқа созылған басқосуда жем-шөп дайындау, түйе жануарына субсидия бөлу, мал жайылымына жер беру, жергілікті бордақы малдарды мұнай компанияларына өткізу сынды бірқатар мәселе қаралды.

2022 жылы Маңғыстау облысында мал шаруашылығы саласын субсидиялау көлемі 5 есе артады

2021 жылы өңірде орын алған қуаңшылыққа байланысты «Қазақстан Темір жолы» АҚ өзге өңірлерден теміржол арқылы келетін мал азығы жем, шөп тарифтерінің жол шығынын 75 пайызға төмендетті. Бүгінгі күнге өңірге келген 1907 вагон жем-шөпке 855 млн теңге көлемінде  жеңілдік жасалды. Айта кетейік, биыл Үкімет басшылығының тапсырмасына сәйкес 24 қаңтар мен 1 сәуір аралығында «Қазақстан Темір жолы» АҚ тарапынан осындай жеңілдік тағы көрсетілетін болады. Бұл шара жем мен шөптің бағасын төмендетуге бағытталған.

2022 жылы Маңғыстау облысында мал шаруашылығы саласын субсидиялау көлемі 5 есе артады

Сондай-ақ 2021 жылы Үкімет резервінен бөлініп, игерілмей қалған  664 млн теңге көлеміндегі қаржы биыл шаураларға берілетін болды.

Бұған қоса, 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап 3 ай мерзімге есепке алынбай қалған аналық мал басын тіркеуге мүмкіндік беріледі.

Сонымен қатар жиын барысында Маңғыстау облысында мал шаруашылығын дамыту үшін субсидиялау мөлшері  100 млн теңгеден 580 млн теңгеге көбейгені туралы айтылды.

2022 жылы Маңғыстау облысында мал шаруашылығы саласын субсидиялау көлемі 5 есе артады

2021 жылы Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдіктерімен келессөздер жүргізілді. Нәтижесінде Ақтөбе облысының әкімдігі арнайы жайылымдық жерлер берді (нәтижесінде өңірден 82 ш/қ және 74 жеке фермер басқа облыстарға 14 946 бас малын көшірді). БҚО әкімдігі қыс мезгіліне шөп дайындау үшін 30 мың гектар жер берді. Бұл шөп тасымалдау шығындарын есептегеннің өзінде де біраз арзанға түсер еді. Өкінішке қарай, бұл ұсынысқа Маңғыстау облысының шаруалары мән бере қойған жоқ.

2021 жылдың шілдесінде «Каспий» ӘКК арқылы 204,0 млн теңге бөлінді. Оның 150,0 млн теңгесіне шөп, 54,0 млн теңгесіне арпа азығы сатып алынды. Нәтижесінде азық-түлік елді мекендерге төмен бағамен сатылды.

Былтыр жергілікті бюджеттен 2,1 млрд теңге қаражат бөлініп, қала, аудан әкімдері ұсынған 41 операторға өңірге қыс мезгіліне 14 864 тонна шөп, 9900 тонна жем әкелуге қаралып, бүгінде нарықтағы бағадан 10-15 пайыз төмен бағада сатылымда.

2022 жылы Маңғыстау облысында мал шаруашылығы саласын субсидиялау көлемі 5 есе артады

2021 жылы ҚР Үкіметінің резервінен 1,9 млрд теңге қаралып, өңірдегі АШЖБ базасындағы аналық мал басына жұмсаған шығындарын ішінара өтеуге 733 шаруа қожалығына 435 млн теңге, ал 6711 үй шаруашылығына 812 млн теңге, барлығы 1,248 млрд теңге берілді.

Жиын қорытындысы бойынша, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров жергілікті атқарушы орган мен министрлік шаруалардың өзекті мәселелерін шешу үшін барлық қажетті шараларды қабылдайтынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы