2022 жылы Қазақстан мен Корея дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын тойлайды – елші

5 Қазан 2021, 16:12
18024
Бөлісу:
2022 жылы Қазақстан мен Корея дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын тойлайды – елші

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Келесі жылы Қазақстан мен Корея дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығын атап өтеді. Бұл туралы Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг-сок мырза айтты.

Бүгін елшілік Корея Республикасының құрылған күнін атап өтуде.

1992 жылы екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнаған сәттен бастап, әрі Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін бір жылдан соң, Қазақстан Корея үшін жақын дос және берік қолдаушы болды. Сондай-ақ Қазақстан Корея Үкіметі іске асырып жатқан экономикалық ынтымақтастық бастамасының – «Жаңа Солтүстік саясаттағы» негізгі серіктестігі, - деді елші.

Оның сөзінше, екі ел де келесі жылы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын Мәдени алмасу жылы деп жариялады. Онда елдер арасындағы достық байланысты дамыту үшін түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланған.

Осы жылдың тамыз айында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Кореяға мемлекеттік сапары өтті. Бұл шет мемлекет басшысының Кореяға COVID-19 пандемиясы басталғаннан кейінгі алғашқы сапары. Іссапар Қазақстан мен Корея арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі кеңейтуге негіз болды. Сапар қорытындысы бойынша 20-дан астам меморандумға қол қойылды және «Самал жел» экономикалық ынтымақтастық бағдарламасы шеңберінде екі ел арасындағы белгілі заттық ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша егжей-тегжейлі келіссөздер жүргізілді, - деп айтты Ку Хонг-сок мырза.

Айтуынша, бұл сапар Президент Мун Чжэ Иннің 2019 жылғы сәуірдегі Қазақстанға мемлекеттік іссапары арқылы бекітілген өзара қарым-қатынас пен ынтымақтастықты нығайтуға жақсы мүмкіндік берді.

Өзгелердің жаңалығы