2022 жылы бюджет тапшылығы 3,3%-ға төмендейді – Ерғалиев

24 Тамыз 2021, 09:41
4014
Бөлісу:
2022 жылы бюджет тапшылығы 3,3%-ға төмендейді – Ерғалиев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев баяндады.

Ұлттық қордан 2022 жылы 550 миллиард теңге мөлшерінде, 2023-2024 жылдары жыл сайын 400 миллиард теңгеден нысаналы трансферт тарту ұсынылады. Жалпы ішкі өнімге байланысты 2022 жылы бюджет тапшылығы 3,3% деңгейінде болжанса, келешекте 2024 жылы жалпы ішкі өнімге қатысты 2,5%-ға дейін төмендеу болжанып отыр, - деді министр.

Оның баяндауынша, 2022 жылы Мұнайлы емес тапшылық жалпы ішкі өнімге байланысты 8,1%-ды құрап, 2024 жылы жалпы ішкі өнімге қатысты 6,3%-ға дейін төмендейді.

Сондай-ақ республикалық бюджеттің шығыстары 2022 жылы 15,9 триллион теңге, 2023 жылы 15,6 триллион теңге және 2024 жылы 16 триллион теңге көлемінде болжанып отыр.

Мұнай бағасы барреліне 60 АҚШ доллары болған кезде мұнай секторынан Ұлттық қорға түсетін түсімдер болжам бойынша 2022 жылы 2,5 триллион теңгеден 2024 жылы 3 триллион теңгеге дейін өседі. Жоспарланған трансферттерді ескере отырып, болжам бойынша Ұлттық қордың валюталық активтері 2022 жылы 55,3 миллиард АҚШ долларынан 2024 жылы 61,6 миллиард АҚШ долларына дейін өседі, - деп толықтырды Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында.

Ұлттық экономика министрі Үкімет мүшелеріне ҚР 2022-2026 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын ұсынды.

Өзгелердің жаңалығы