2022: Қазақстанның сыртқы саясаттындағы шешімдері

16 Желтоқсан 2022, 15:44
2199
Бөлісу:
2022: Қазақстанның сыртқы саясаттындағы шешімдері

Еліміз 1991 жылғы 16 желтоқсаннан бас­тап демократиялық даму жолын таңдайтындығын жалпы әлемге жария етіп, еліміздің өзіндік сыртқы саясатын қалыптастыра бастады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Тарих

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін дербес ел ретінде халықаралық аренаға шықты. Сол жылдан бастап-ақ республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

1992 жылы 2 наурызда БҰҰ—на кірді. Сонымен бірге Халықаралық валюта қорына, Халықаралық реконструкция және даму банкісіне, Дүниежүзілік банктің, Халықаралық даму ассоциациясының, Инвестицияға кепілдік беретін көп—жақты агенттіктің, Инвестициялық таластарды шешу жөніндегі халықаралық орталықтың, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мүшесі болды.

1992 жылы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің Қарулы Күштерін құрды. БҰҰ—ның шешімімен тарихқа «Бейбітшілік миссиясы» ретінде енген, Семей ядролық полигонын жабу секілді ғаламдық маңызға ие шараларға қол жеткізді.

Қазақстан 1994 жы­лы халықаралық бақылаушылардың қа­­ты­суымен Ресейге көшірді. Ядро­лық қаруды тартпау туралы шартқа, Яд­­ро­лық сынақтарға тыйым салу ту­ра­­лы шартқа қол қою арқылы Қа­зақ­стан ядролық қарусыз мемлекеттер қа­тарына қосылды. Өз кезегінде АҚШ, Ре­сей, Ұлыбритания, Франция Қазақ­с­тан­ның саяси тәуелсіздігіне, ау­­мақтық тұ­­тастығына кепілдік бе­ре­тін мін­дет­те­­ме­ге қол қойды. Әлем ха­лық­та­ры Қа­­з­ақ­станның бейбіт үлгісін құр­мет тұ­­та бастады. Қазақстан әлемдік қауіптер мен қа­терлер, діни және этносаралық қай­шы­лықтар, халықаралық терроризм мен есірткі тасымалына қарсы күрес мә­­селелеріне байланысты бірнеше ма­ңыз­ды бастама көтерді. Соның ішін­де Ауғанстан, Сирия, Қырғызстан елде­рін­дегі дағдарысты реттеуге байланыс­ты Қазақстанның ұстанымын әлем мем­ле­кет­тері қолдады, – дейді саясаттанушы Сайын Барбосов.

Еліміздің сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді.

Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр.

Сыртқы саясат шиеленіскен жылы

Әлемдегі геосаяси жағдайдың қиындағанына қарамастан Қазақстан өз бағытын сақтап қалды. Елімізге экономкалық тұрғыдан көп ауыртпалық түсті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев түйткілді мәселелердің шешімін табу үшін бірқатар дипломатиялық келісімдер жасады.

Олардың бірі Қытай елі. Биыл Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин пандемиядан кейін алғашқы сапарын Қазақстаннан бастады.

Қытаймен арадағы экономикалық байланыс қазір қандай деңгейде?

Ұлттық статистика бюросы, Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ұлттық Банк деректерін саралай отырып, 2022 жылдың бірінші тоқсанында біздің отандық компаниялардың Қытайдан 310 миллион доллар инвестиция тартқанын көруге болады. Статистика оның өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 40,1%-ға жоғары екенін тіркеген. Тек Қытайдан ғана инвестиция тартпай, өз кезегінде Қазақстан да Қытай кәсіпорындарына 12,2 миллион доллар инвестиция құйған. Ол 2021 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 11,9%-ға артық.

Сонымен бірге  биыл Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Танидың Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.

Аса құрметті Әмірді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әуежайдан күтіп алды. Сапар аясында «Қазақстан-Катар» инвестициялық форумы ашылды.

Қазақстанның Қатармен арадағы тауар айналымы жыл санап азайып келеді. 2020 жылы тауар айналымы 8,5 миллион доллар болса, 2021 жылы ол 6,3 миллион доллар болып қалды. Тауар айналымының құлауы Қатардан бізге келетін импорттың азаюынан болып отыр. Ал біздің Қатарға жіберетін экспортымыз сол қалпында қалған. 2020 жылы – 5,7 миллион доллар, 2021 жылы – 5,9 миллион доллар. Себебі, Қатар бізден тұрақты түрде кокс пен битум алады.

Қатардан не импорттаймыз?

Олардан алатынымыз көбінесе мырыштан жасалған түрлі бұйымдар. Болды. Шынын айтқанда, бізге Қатардан көп тауар қажет те емес. Қатардан бізге бір нәрсе ғана керек – ақша.

Қазақ-Түрік алыс-берісі

Былтыр Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 4,1 миллиард доллар болды. Оның ішінде 3 миллиард доллары – Қазақстанның Түркияға экспорты. 1,1 миллиард доллар – Түркияның бізге жөнелткен импорты. Түркиямен сауда байланысы Ресейге қарағанда бізге жағымды сальдо береді. Яғни сатып алғанымыздан сатқанымыз көп. Соның арқасында оң төлем балансын жасап отырмыз. Оның үстіне, Түркия Қазақстанға тікелей инвестиция салып жүрген мемлекет, түрік кәсіпкерлері елімізде 5,5 миллиард доллардың инвестициялық жобаларын жүзеге асырып жатыр. 

Биыл Түркияның үлесі былтырғыдан да өседі. Мысалы, 2022 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 1,5 миллиард долларға жетті. Осы қарқын сақталатын болса (үшінші тоқсанның статистикасын күтіп отырмыз) біз Түркиямен тауар айналымын осы жылы 5 миллиард доллардан асыруымыз мүмкін. 

СICA немесе АӨСШК

Күзде Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтті.

Халықаралық форумға АӨСШК мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары қатысты. 11 елдің мемлекет басшылары осы жиында бас  қосты. Саммит аясында ықпалдастықтың өзекті мәселелері мен осы ұйым қызметінің басым бағыттары талқыланды.

АӨСШК құрамына енетін 27 мемлекет елдер арасындағы бейбіт қарым-қатынас пен халықаралық дипломатияны дамытуға өз үлесін қосып отыр. Кеңестің алғашқы саммиті 2002 жылы өткен болатын. Сонымен қоса ұйым шекаралас аудандарда қоршаған ортаны қорғау бойынша жалпы бағдарламалар қолдануды іске қосуда.

АӨСШК-ға 2002 жылдан 2014 жылға дейін Түркия төрағалық етті. 2014 жылдан 2018 жылға дейін Қытай, 2018 жылдан 2020 жылға дейін Тәжікстан, 2020 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан төрағалық етті. Халықаралық ұйымның әкімшілік органы Қазақстанның елордасы Астанада орналасқан.

Қазіргі геосаяси жағдайда Қазақстан өзінің сыртқы саясатындағы бағытты өзгертуі керек пе? Әлде 30 жыл бойы ұстанып келе жатқан көпвекторлы саясат өз тиімділігін көрсетіп жатыр ма? 

Қазақстандық қоғамдық даму институтының эксперті Олжас Бейсенбайдың ойын білген едік.

Орталық Азияда орналасқан Қазақстанның позициясы бұл тарихи фактор жағынан, географиялық жағынан да, геосаяси тұрғыдан да өте маңызды аймақ деп айтуға болады. Әрине, Қазақстанды халықаралық ойынның ережесін жасаушы не құраушы үлкен державалық мемлекет емес, біз оған қатысушы еліміз. Бірақ халықаралық саясатта өзіміздің орнымыз бар деп айтуға болады, - деді саясаттанушы.

Олжас Бейсенбай қазақ-қытай арасындағы қарым-қатынастың екі елге де тиімді бағытта өрбіп жатқанын айтты.

Сондай-ақ Қазақстан сыртқы саясатта халықаралық ұйымдарға мүше болуда нені көздейтінін түсіндірді.

АҚШ-тың белгілі саясаткері Генри Киссинджердің өзі Қытаймен халықаралық қатынасын 50-рет арнайы барып отырып, іссапарлар жасай отырып орнатқаны мәлім. Ал Қазақстан Қытаймен шекаралық мәселені, басқа да келісімдерді орынды шеше білген мемлекет. Қытаймен шекара жағдайын әлі күнге дейін шеше алмай келе жатқан мемлекеттер бар.

Біз Ресеймен бірге бірнеше халықаралық ұйымның арасында одақтас елміз. Жәнеде, Түркі мемлекеттеріне мүшеміз, Ислам конференциясы ұйымында бармыз. Яғни халықаралық ұйымдардан өзімізге тиімді жақтарын, оның ішінде қауіпсіздік жағын, түркілік идентификация тұрғысынан да өзімізге тиімді етіп отырмыз. Сондықтанда Қазақстанда қазіргі кезге дейін орнаған көпвекторлы стратегиялық бағыты қазіргі  VUCA (өзгергіш) әлемде әлдеқайда ұтымды әрі сенімді деп айтуға болады, - деді ол.

Парламентаризм институтының директоры Мансұрхан Махамбетов айтуынша, көпвекторлы саясат - айтуға оңай, жүргізуге қиын дүние.

Саясат – күрделі мәселе. Қазақстанның географиялық орналасу жағдайының өзі осы бір көпвекторлы саясатты жүргізуге жүктейді. Себебі біз алпауыт мемлекеттердің ортасына орналасқанбыз. Біз әуел бастан-ақ көпвекторлы саясатты жүргізіп келеміз. Оның жеңісі де, қиындығы да бар екені анық. Осы бағытымызға қатысты көрші елден айтылған пікірлер бәрімізге мәлім. Бұл саясатты қолдамай отырғандарда бар. Десек те, көпвекторлы саясат біз үшін қажет дүние, - деді  Мансұрхан Махамбетов.

Өзгелердің жаңалығы