Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясының жобасы талқыланды

22 Қазан 2021, 11:22
3144
Бөлісу:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясының жобасы талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «ЖАҢАРУ» жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің дөңгелек үстелі өтіп жатыр.

Іс-шараның басты тақырыбы - нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасы-превенцияның маңызды бөлігі. Алғашқы нәтижелер, проблемалар және оларды шешу жолдары. 

Сонымен қатар жиын барысында «ЖАҢАРУ» РҚБ-нің «Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясы» жобасына қатысты ұсыныстарын талқылау жоспарлануда.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа орта мерзімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны әзірлеуде. 2015-2025 жылдарға әзірленген қолданыстағы стратегия бірқатар себепке байланысты өзінің күтілетін нәтижесін толық көлемде бермеді. Бұл, ең алдымен, азаматтарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысқа белсенді тарту, халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, соттар жұмысын сапалы жақсарту, халық пен мемлекеттік аппарат арасындағы құқықтық нигилизмді жою мәселелеріне қатысты, - деді «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа жалпы ұлттық қозғалысының төрағасы Оралбай Әбдікәрімов.
«ЖАҢАРУ» РҚБ сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама институтын дамыту және нығайту қажет деп санайды. 

Сарапшылардың мәртебесін арттыру қажет. Белгілі ғалымдар мен танымал мамандар кіретін ғылыми-әдістемелік кеңес қажет. Мемлекет НҚА-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасының электрондық порталын құруға тиіс. Онда әрбір тілек білдіруші нормативтік құқықтық актілер жобаларының мәтіндерін, сарапшылардың қорытындыларын және құқықтық актілердің қабылданған нұсқаларын салыстыра алады, - деп атап өтті Оралбай Әбдікәрімов.

Өзгелердің жаңалығы