2021 жылы мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 391 млрд теңге жәрдемақы төленді

19 Қаңтар 2022, 09:41
1585
Бөлісу:
2021 жылы мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша  391 млрд теңге жәрдемақы төленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы республикалық бюджеттен мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге 310,6 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты 81,3 млрд теңге бағытталды, деп хабарлады Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.  

2021 жылдың желтоқсан айында республикалық бюджеттен мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 27 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 7,4 млрд теңге жұмсалды.

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 529,3 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 168,3 мың адамды құрайды.

Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектік тобына және себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауындағы адамдар санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңында белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады, - делінген ақпаратта.

2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мүгедектік жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 51 094 теңгені, асыраушыдан айырылу жағдайында 43 836 теңгені құрады.

Өзгелердің жаңалығы