2021 жылы мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын көтеруге қанша қаржы жұмсалғаны белгілі болды

8 Маусым 2022, 11:50
1684
Бөлісу:
2021 жылы мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын көтеруге қанша қаржы жұмсалғаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 2021 жылғы  республикалық  бюджеттің атқарылуы туралы есеп берді.

Ол 2021 жылы мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын көтеруге қанша қаржы жұмсалғанын айтты.

Оның айтуынша, 2021 жылдың қорытындысы бойынша білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет саласында педагогтердің, дәрігерлердің, мәдениет және халықты әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің еңбекақысы көтерілді.

Бұл мақсаттарға шамамен 950 млрд теңге  жұмсалды. Ал 2020 жылы бұл мақсаттарға 454 млрд теңге бөлінген. Ал эпидемияға қарсы шараларды жүргізудің өзіне 422,6 млрд теңге бөлінді, - деп айтты Жамаубаев.

Сөзінше, пандемияға қарамастан, мемлекет өзінің әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындады.

Сонымен қатар Жамаубаеватың мәліметінше, ұлттық жобалар мен мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етіп отыр.

Мысалы, былтыр 17 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріліп, 151 мыңнан астам отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Қалалар мен ауылдарда 5,3 мың шақырымға жуық сумен жабдықтау желілері салынды, сондай-ақ 99 мың шаршы метрге жуық орталық жылумен жабдықтау желілері пайдалануға берілді. Жергілікті маңызы бар 1 287 шақырым автожол жөнделді, - деді Үкімет мүшесі отырыста.

Өзгелердің жаңалығы