2021 жылы елордалықтар 13 млрд теңгеден астам қаржының тегін дәрі-дәрмегімен қамтылды

2 Наурыз 2022, 18:29
1907
Бөлісу:
2021 жылы елордалықтар 13 млрд теңгеден астам қаржының тегін дәрі-дәрмегімен қамтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров хабарлады. 

Елордада 2021 жылы пациенттер 13,2 млрд теңгеге жуық соманың тегін дәрі-дәрмектерімен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілді. Ал биылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтанда 13 млрд 16 млн теңге сомасына дәрі-дәрмек берілді. Ол бойынша 910 907 тегін рецептпен 233 036 пациент қамтылды, - деп атап өтті филиал директоры.

Сонымен қатар ол қор жүйесі арқылы дәрі-дәрмекпен қамтылған балаларға тоқталды.

Жіті респираторлық инфекциямен – жоғарғы тыныс жолдарының аурулары бойынша – 5 750 бала және төменгі тыныс жолдарының аурулары бойынша – 13 606 бала; теміржетіспеушілігі анемиясымен - 1 030 бала; рахит ауруымен 1 691 бала; рневмониямен 4 538 бала; синуситпен/бадамша безі  және аденоид ауруларымен 938  балаға көмек берілді, - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Еске сала кетейік, амбулаториялық қамтамасыз ету бұйрығына сәйкес, емхана дәріханаларында МӘМС жүйесінде тегін берілетін барлық қажетті дәрі бар. Олардың қатарына антибиотиктер, ыстық түсіретін, темірқұрамды препараттар, сондай-ақ басқа да спецефикалық препараттар кіреді. 

Өзгелердің жаңалығы