2021 жылы бастапқы тұрғын үй бағасы 16,6%-ға өскен

25 Ақпан 2022, 11:52
1241
Бөлісу:
2021 жылы бастапқы тұрғын үй бағасы 16,6%-ға өскен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі 2021 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша алқа отырысында агенттіктің төрағасы Серік Жұманғарин 2021 жылы бастапқы тұрғын үй бағасы 16,6%-ға өскенін айтты.

Оның сөзінше, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін тұрғын үй және құрылыс материалдары нарықтарындағы бағаларды тежеу жөніндегі шаралар кешені іске асырылды.

2021 жылы бастапқы тұрғын үй бағасы 16,6%-ға өсті. Негізгі өсім қаңтар айында 3% болды, Бағаның төмендеуі туралы 15 хабарлама жолданды. Оның 14-і орындалды. 1 тергеп-тексеру тағайындалды, - деп түсіндірді Серік Жұманғарин қабылданған іс-шаралар туралы.

Агенттік төрағасы баяндағандай, ірі компаниялар Базис, Би Ай Групп, Рамс және өңірлік құрылыс салушылар бағаны 7-ден 20 пайызға дейін төмендетті. Нәтижесінде ай сайынғы бағаның өсу қарқыны қараша айында 0,6%-ға дейін төмендеді. 

Сонымен қатар құрылыс материалдары нарығында бағаның өсуі 26%-ды құрады. 

Бұл салада да монополияға қарсы шаралар кешені жүзеге асырылып жатыр. 84 хабарлама жолданды. Оның 50-і орындалды. Бағаның төмендеуі 5-25% құрады. 20 тергеп-тексеру тағайындалды, оның 7-і аяқталды, - деп айтты ол.

Өзгелердің жаңалығы