2021 жылы Атырауда 145 көшенің жолдары жөнделеді

16 Ақпан 2021, 02:30
1749
Бөлісу:
2021 жылы Атырауда 145 көшенің жолдары жөнделеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Атырау қаласы және қала аумағындағы 145 көшеге автокөлік жолдары салынады, деп хабарлады Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. 

2021 жылы Атырау қаласы мен қала аумағына қарасты елді мекендердегі жалпы ұзындығы 211 шақырымды құрайтын 145 көшесіне автокөлік жолдарының құрылысы жоспарлануда. Және жол кептелісін болдырмау мақсатында 11 көшеге қайта жаңғырту жұмыстары басталып, 2020 жылы жоспардағы 11 көшенің 5 көшесіне​ жалпы ұзындығы 12,3 шақырымды құрайтын Ғабдиев, Амандосов, Құрманғазы, Уәлиханов және Ғұмаров көшелерінің автокөлік жолдарына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді, – деді Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев.

Сонымен қатар, қала әкімі 2021 жылы жалпы ұзындығы 5,6 шақырым (Әуэзов көшесі жалпы ұзындығы – 2,84 км, Канцев көшесі жалпы ұзындығы – 1,26 км, Балықшы ауданынан Зарослый ауылына дейін, шамамен жалпы ұзындығы – 1,5 км) автокөлік жолдарына қайта жаңғырту жұмыстары жоспарда екендігін айтты.

Айта кетейік, 2020 жылы жалпы ұзындығы 49,5 шақырымды құрайтын 77 көшеге автокөлік жолдары салынған. Оның ішінде Жаңаталап ауылындағы автокөлік жолдарының құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған.

Өзгелердің жаңалығы