2020 жылы табиғи апаттардан жер шарына 210 млрд доллар шығын келген

28 Қыркүйек 2021, 13:52
3427
Бөлісу:
2020 жылы табиғи апаттардан жер шарына 210 млрд доллар шығын келген

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ресейдегі А.И. Войекова атындағы басты геофизикалық обсерватория ФМБМ директоры Владимир Котцов мемлекет басшылардың қатысуымен өтіп жатқан «Экология және жасыл өсу саласындағы ынтымақтастық» тақырыбында Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумында айтты.

В.Котцовтың айтуынша, қазір болып жатқан табиғи апаттардың барлығы климаттың өзгеруімен орын алуда. Ал, климаттың өзгеруіне адамдардың өздері ықпал етіп жатыр.

Осыдан бір жыл бұрын БҰҰ бас хатшысы Антонио Гутерреш Колумбия университетінде сөйлеген сөзінде климатты сақтап қалу жайында баса айтты. Ол алдағы 30 жылда көміртегін барынша азайту қажеттігін айтқан еді. Бұл өте маңызды. Қазір климаттың өзгеруі бойынша белгілі бір шешім шығаруға болады. Осы тамыз айында климаттың өзгерісін зерттеп жүрген ғалымдар тобының алғашқы еңбегі таныстырылды. Онда климаттың өзгеруіне ықпал етіп жатқан адамдардың рөлі, әсіре шаруашылық жұмыстардың әсері айтылды. Яғни, адамдардың әрекеті келешекте климатты өзгерте алатыны нақты айтылған. Біз қазір көміртегін және басқа да зиянды заттарды төмендетсек, олар 21-ші ғасырдың екінші жартысында ғана өз пайдасын бере бастайды,-дейді ол.

Сонымен қатар ол планетамызда болып жатқан табиғи аппаттар қанша көлемде шығын әкеліп жатқанын айтып өтті.

Германдық Ньюни Хре сақтандыру компаниясының бағалауынша, 2020 жылы жершарындағы барлық табиғи апаттан 210 млрд доллар шығын келген. Биыл планетамыздағы табиғи апаттан келген шығын былтырғыдан едәуір жоғары болатыны белгілі. Табиғи апаттардың үштен бірі климаттық өзгерістен болып жатыр,-деді ол.

Жиын барысында «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ көмірсулардың аз мөлшерін игеру жөніндегі жобалық офисінің жетекшісі Рамазан Жанпейісов климаттық өзгерістердің шиеленіскені сонша, жаһандық саяси алаңда талқылауға жеткенін айтты.

Қазақстан секілді суы аз, топырағы дегродацияға ұшыраудың алдында тұрған ел үшін климаттың өзгеруін талқылау өте маңызды. Қазір біздің халықтың 42 пайызы ауылды жерде өмір сүреді және 13,6%-ы ауыл шаруашылығында еңбек етіп жатыр. Климат жаһандық деңгейде өзгеріп жатыр, біздің алдымызда қандай қадамдарға барамыз деген мәселе тұр. Ел президенті көміртегі саласындағы 2060 жылға дейінгі жоспарын ұсынған болатын. Үкімет қазір бұл бағытта үлкен жұмыс жүргізіп жатыр,-дейді Жанпейісов.
Өзгелердің жаңалығы