2020 жылы Маңғыстауда 26 жылыжай пайдалануға берілді

30 Қаңтар 2021, 21:44
1834
Бөлісу:
2020 жылы Маңғыстауда 26 жылыжай пайдалануға берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы Маңғыстау облысында ауыл шаруашылығы өнімдері 20,7 млрд теңгеге өндірілді (НКИ – 94,8%). Ірі қара мал басының 2%-ға (22,5 мың бас), жылқы басының 7%-ға (92,6 мың бас), түйенің 3,2%-ға (71,1 мың бас) артқаны байқалады. 

2020 жылы жалпы сомасы 578 млн теңгеге 2 ірі жоба іске асырылды: 

● қуаттылығы жылына 3,6 мың тонна қант шикізатын өңдейтін шағын зауыт; 

● «Диханов» шаруа қожалығының жылына 100-200 тонна бақша өнімдерін шығаратын жылыжай кешенінің 1 гектары. 

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында ауылда кәсіпкерлікті дамытуға (шағын несиелендіру) республикалық бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінді.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 329 жұмыс орнын құрумен 259 жоба қаржыландырылды. ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірдің 375 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне 865,5 млн теңге көлемінде субсидия берілді. Өңір халқын жергілікті көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету мәселесін шешу мақсатында жалпы ауданы 5,1 га 26 жылыжай пайдалануға берілді. Мал шаруашылығын дамытуға мемлекет 71 құдықты бұрғылауға субсидия берді. 

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында ауылда кәсіпкерлікті дамытуға республикалық бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ (841,7 млн теңге) және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ (360,7 млн теңге) арқылы жүзеге асырылады. 

Бүгінгі таңда қаржы институттары арқылы 1,2 млрд теңге сомасына 259 жоба несиелендірілді. Жобалар аясында 329 жұмыс орны құрылды.

Өзгелердің жаңалығы