2020 жылы елордада халықаралық экономика олимпиадасы өтеді

31 Шілде 2019, 16:12
2549
Бөлісу:
2020 жылы елордада халықаралық экономика олимпиадасы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.2020 жылы мектеп оқушылары арасында экономика бойынша халықаралық олимпиада ойындары (IEO-2020) өтеді. Бұл туралы АХҚО бюросы хабарлады.

Олимпиада ойындары Astana International Campus алаңында өтеді. Оған 20 елден 100-ден астам жоғары сынып оқушылары қатысады.

Санкт-Петербург қаласында өткен екінші халықаралық олимпиада (IEO) аясында 2020 жылы қабылдайтын ел ашық дауыс беру арқылы анықталды. Нұр-Сұлтан қаласы дауыс берудің қорытындысы бойынша жеңіске жетіп, 2020 жылғы олимпиада ойындарын қабылдауға мүмкіндік алды.

Биылғы жылы олимпиадаға 24 мемлекеттен 16-18 жас аралығында 29 команда, 133 жоғары сынып оқушылары қатысып жатыр. Олардың арасында Австрия, Бразилия, Қытай, Қазақстан, Үндістан, Испания, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея, АҚШ және т.б. елдер бар. Олимпиадаға қатысушылар экономика және қаржылық сауаттылық негіздері бойынша ұлттық іріктеулердің жеңімпаздары.

Былтырғы жылы Мәскеуде өткен олимпиадада Қазақстан құрамасы командалық есепте ІІІ орынды, бизнес-кейсті шешу турында II орынды иеленіп, жеке есепте күміс және қола медальдарды жеңіп алған болатын.

Қазақстанның ұлттық құрама командасы құрамында Қарағанды, Орал, Семей, Петропавл және Нұр-Сұлтан қалаларының Назарбаев зияткерлік мектептерінің жоғары сынып оқушылары бар.

Экономика бойынша халықаралық олимпиада үш кезеңнен тұрады – қаржылық сауаттылық, экономика және бизнес-кейстерді шешу.

Өзгелердің жаңалығы