Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінде Қазақстанда 31 млн астам ауыл шаруашылығы жануарлары бар. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2019 жылы Қазақстанда мал мен құс өндірісінің көлемі артқан. 1 желтоқсандағы жағдай бойынша елде 7,3 млн бас ірі қара мал (2018 жылдың сәйкес кезеңіне 104,3 %), 17,5 млн астам қой (102,2%) және 886 мың шошқа (103,7%) бар. Жылқы саны елімізде 2,7 млн (108,2%), түйе – 217 мың (106,9%), құстар - 47,5 мыңды (105%) құрайды, - делінген хабарламада.Сонымен қатар, Қазақстанда 2 млн 337 мың ешкі бар, алайда аталмыш жануардың бұл түрі бойынша кері өсім (99,4%) тіркеліп отыр.
Айта кету керек, 2019 жылдың қаңтар-қараша айларында елімізд 1,7 млн тонна мал мен құс сойылды. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 5,5 пайызға артық.
Сондай-ақ, Қазақстанда 5,5 млн тонна сиыр сүті (103,2%) және 5,8 млн тауық жұмыртқасы (99,3%) өндірілген.