2006 жылдан бастап шыққан банкноттарды айырбастау шексіз болады – Ұлттық банк

4 Маусым 2021, 11:01
1273
Бөлісу:
2006 жылдан бастап шыққан банкноттарды айырбастау шексіз болады – Ұлттық банк

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық банк 2006 жылдан бастап және одан кейін шыққан банкноттарды айырбастау үшін шексіз мерзім енгізу туралы шешім қабылдады.

Жаңа банкнот шыққан жағдайда, 12 ай ішінде ескі банкнот қатар қолданыста жүреді. Басқаша айтсақ, ескі банкнот та, жаңа банкнот та заңды төлем құралы болады және оларды бір жыл бойы барлық төлем түрі бойынша қабылдауға міндетті, - делінген банк хабарламасында.

Қандай да бір банкнот айналымнан шыққаннан кейін оны 3 жыл мерзім ішінде Ұлттық банктің филиалдарынан да, екінші деңгейлі банктердің (ЕДБ) бөлімшелерінен де, «Қазпошта» АҚ кеңселерінен де айырбастап алуға болады.

Егер сіз белгілі бір себептерге байланысты айналымнан шыққан банкноттарды 3 жыл ішінде ЕДБ пен «Қазпошта» АҚ кеңселерінде айырбастай алмай қалсаңыз, онда Ұлттық банктің филиалдары оларды мерзім бойынша шектеусіз қабылдайды.

Ұлттық банк филиалдарының мекен-жайы мен байланыс нөмірлері банк сайтында жазылған. Жаңашылдықтар 2021 жылдың 12 маусымынан бастап күшіне енеді.



Өзгелердің жаңалығы