200-ге жуық өрт сөндіруші Зеренді ауданындағы орман өртін сөндіруде

4 Қыркүйек 2022, 10:23
1019
Бөлісу:
200-ге жуық өрт сөндіруші Зеренді ауданындағы орман өртін сөндіруде

200-ге жуық өрт сөндірушілер, орманшылар, ерікті өрт сөндіру құрамалары, азаматтық қорғау академиясының курсанттары Зеренді ауданындағы орман өртін сөндіріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев пен ТЖД бастығы полковник Нұрлан Атығаев төтенше жағдай орнында.

3 қыркүйек сағат 20:05 минутта «Көкшетау» МҰТП Зеренді филиалында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Облыс әкімі Ермек Боранбайұлының нұсқауы бойынша облыстық жедел штаб құрылды. Оқиға орнына дереу Атбасар, Сандықтау және Зеренді өрт сөндіру бөлімдерінің күштері мен құралдары жіберілді. Сондай-ақ, Көкшетау қаласының өрт сөндіру бөлімдерінен жиынтық жасақ жасақталып, 30 адамнан тұратын жеке құрам жіберілді. 15 м/с екпінді жел кезінде өртті азайту мүмкін болды. Өрт түнгі сағат 00:00-де ауыздықталды. Қазір орман ішіндегі шөпті сөндіреміз. Жағдай бақылауда, – деді өңірдің ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев. 

Алдын ала ақпарат бойынша, өрт дала жолынан тараған. Өртті жою жұмыстары жалғасуда. Өрттің елді мекендерге өту қаупі жоқ. Адам шығыны мен жарақат алғандар жоқ. 

Өзгелердің жаңалығы