«Brent» маркалы мұнайдың фьючерстік келісімшарттары 1,23 долларға өсіп, бір баррельдің бағасы 106,3 долларға жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Tasnim News мәліметінше, «Brent» мұнайына қатысты фьючерстер 1,23 долларға қымбаттап, баррель құны 106,3 доллар деңгейіне көтерілген.
Әлемдік мұнай нарығына қатысушылар бұл көрсеткіштердің графиктегі бағалар екенін атап өтеді. Алайда нақты нарықта мұндай бағамен мәміле жасау іс жүзінде сирек кездеседі: сатушылар мұнайды барреліне 150 доллардан төмен бағамен сатуға құлықты емес.
Сонымен қатар олардың айтуынша, соңғы апталарда кейбір сатып алушылар мұнай үшін барреліне 200 доллардан да жоғары баға төлеуге мәжбүр болған.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, АҚШ блокадасына қарамастан тағы бір танкер Ормуз бұғазынан өтті.